
«Дөңгелек үстел» өткізілді
«Ақ жайық – Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар және кеден өкілдерімен «Еуразия экономикалық одағы арқылы ақпараттық технологияларды қолданумен кедендік ресімдеу және тауарларды кедендік тазартуды ұйымдастыру мен жүзеге асыру» тықырыбында «Дөңгелек үстел» кездесу өтті.
Кеден бекеті қызметкерлері «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік қызметін ҚР ҚМ 27 сәуір 2015 жылғы №284 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қызмет көрсетеді. Күнделікті жұмыс барысында «Ақ жайық-КРО» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҚМ 31 наурыз 2015 жылғы №246 «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазарту ережелері» бұйрығын басшылыққа алады. Бұл ережелер кедендік транзит рәсімі арқылы жүзеге асатын тауарларға қолданылмайды. Лауазымды тұлға тауарларды кедендік ресімдеуде және кедендік бақылау жүргізуде тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.
Бүгінгі таңда «Ақ жайық-КРО» кеден бекетінде жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында электронды шерет жүйесі орнатылған. Барлық лауазымды тұлғалардың жұмыс орындарында Сыртқы экономикалық қызмет тауар жіктемесі ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сонымен қатар ҚР нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесіне қатынау бар.
Отырыс соңында қатысушылар кедендік ресімдеу бойынша маңызды сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
«Ақ жайық-КРО» кеден бекеті