Қаржы пирамидаларының жұмысы туралы
Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның нарығының төмендеуінен және инвестициялық сұраныстың азаюының салдарынан,түрлі қаржылық және инвестициялық пирамидалар бой көтеруде. Олар қысқа мерзімде салымшыларға өте көп мөлшерде пайда табуға уәде етеді.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар, кейбір азаматтардың құқықтық және экономикалық сауатсыздықтарын пайдаланып, олардың қаржыларын түрлі шет елдік компанияларға инвестицияландырып, немесе халыққа түсініксіз JT-өнімдерін, криптовалюта және т.б. мобильдік жалғамаларды сатып алуға итермелейді. Халықтан жиналған қаржылар іс жүзінде алынған міндеттемелерді орындауға жұмсалмай, тек ұйымдастырушылардың арасында бөліседі және түрлі шет елдік компаниялардың есеп шоттарына аударылып, ел аумағынан шығарылады. Тек қаржылардың азғантай бөлігі жаңа салымшыларға үлестіріледі.
Қаржы пирамидаларының негізгі белгісі – өте жоғарғы мөлшерде табыс табуға уәде беру. Шындығында ондай табыс мөлшерін бірде-бір Қаржы институттары қамтамасыз етуі мүмкін емес.
Ресми мәліметтерге сай, кейбір қаржы пирамидалары тұтынушылар кооперативі ретінде құрылады, олар белгілі бір мөлшерде қаржы қосқан салымшыларға қысқа мерзім ішінде, кезектен тыс тұрғын жай (пәтер) алуға уәде береді. Ал іс жүзінде салымшыларға пирамида ұйымдастырушылары жоқ тұрғын жайларды (пәтерлерді) ұсынады.
Осыған орай, азаматтарды күмәнді компанияларға инвестициялануда абай болып, алаяқтарға қаржыларыңызды сеніп тапсырмауға шақырамыз. Күмәнді болсаңыз, қаржы салудың алдында құқық қорғау органдарына жүгінгеніңіз абзал.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
материалдары бойынша дайындалған