Date of publication: 15.05.2017 15:26
Date of changing: 15.05.2017 15:28

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы жргізілуде

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашаға дейін  «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» Акциясы жүргізілетінін хабарлайды. Бұл Акция ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлесіп бүкіл  республикалық дәрежеде  өткізіп отырған іс-шаралары.

 

Акцияның басты мақсаттары – азаматтық белсенділікті жоғарлату және салықтық білімділікті дамыту, азаматтардың тұтынушы ретінде құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көленкелі экономиканы төмендету, кәсіпкерлердің адал бәсекестігін ынталандыру болып табылады.

Акицяға қатысушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары, олар «Wipon» мобильдік тіркеме арқылы түбіртектің (чектің) фотосүретін жолдап, Акцияға қатыса алады. Түбіртектердің санына да, қатысушыларға да шектеу қойылмайды. Бір түбіртек – бір ойын билеті болып табылады. Акция екі  деңгейде өткізіледі: бірінші кезек облыстар деңгейінде, екінші кезек – республикалық денгейде ҚР ҚМ Мемлекетті кірістер комитетінде. Жеңімпаз түбіртектер кездейсоқ таңдау әдісі арқылы анықталады.

Бұл Акция туралы сурақтар туындаса, Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасына 451840, 318424 телефондар арқылы біле аласыздар.