
Баспасөз-конференциясы өткізілді
Бүгін, 13 сәуір күні «Орталық коммунакациялар қызметінің» Атырау филиалында өткізілетін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің баспасөз-конференциясы өткізілді. Бұл шараны Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - МКД) басшысының орынбасары М.Қ.Кувандыков ашып, Еуразиялық экономикалық одағы Кеден кодексі жобасының новеллалары туралы баяндады.
Сонымен қатар, баспасөз конференцияда Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы З.К.Заңканов 31.01.2017ж. Жолдаудың 5 басымдығын іске асырудағы облыстың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын болдырмау және алдын-алу мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы туралы баяндама жасады.
Содан кейін МКД-ң №1 Камералдық бақылау бөлімінің басшысы Ә.Н.Тулепова Шетелдік қаржыландыру туралы және Қосылған күн салығын әкімшілендіру және аудит бөлімінің басшысы Кадиров И.Қ. электрондық шот-фактурамен жұмыс туралы ақпарат берді.
Өткізілген шараға Түсіндіру жұмыс басқармасы басшысы Б.Д.Юсупов қатысты.
Атырау облысы бойынша МКД