
«Дөңгелек үстел» өткізілді
Қазақстан Республикасының «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңының 19 бабының 3 тармағына және 26 бабының 1 тармағына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай өнімдері базалары және автожанармай құю станциялары (жылжымалы автожанармай құю станцияларын қоспағанда) өндірістік объектілерінде мұнай өнімдерін айдау мен тасымалдау және (немесе) тиеп-жөнелтуді жүргізу міндетті түрде мұнай өнімдерін өткізу есепке алатын бақылау аспаптары арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 23 ақпанда Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде, өндірістік объектілерінде мұнай өнімдерін айдау мен тасымалдау және (немесе) тиеп-жөнелтуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне «Дөңгелек үстел» өткізілді.
Сонымен қатар, кездесуге техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы М.Бекетұлы қатысып, қолдануға өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сай қолдануға рұқсат берілген есепке алатын бақылау аспаптары бойынша түсіндірме берді.
«Дөңгелек үстел» жүргізу кезінде жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы А.Тойбазарова және Акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Г.Ташекенов мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларының есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын түсіндірді.
Атырау облысы бойынша МКД