Date of publication: 15.02.2017 10:25
Date of changing: 15.02.2017 10:28

«Әуежай-Атырау» кеден бекетіне

 Америка Құрама Штаттарының  Қазақстан Республикасындағы

Елшісі ат басын бұрды

 

2017 жылғы 10 ақпанда Атырау облысына іссапар барысында Америка Құрама Штаттарының  Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол және АҚШ-тың ҚР-ғы Елшіліктің Экономика секциясының басшысы Патрик Хорн Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Атырау» кеден бекетіне ат басын бұрды.

Кездесу барысында «Атырау» халықаралық әуежайындағы радиациялық бақылау жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі мен пайдалануы бойынша сұрақтар талқыланды.

«Әуежай-Атырау» кеден бекеті Атырау облысындағы Кеден Одағы сыртқы шекарасындағы жалғыз өткізу пункті (әуе) болып табылады және 2010 жылы АҚШ Үкіметімен «Екінші қорғаныс желісі» бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз түрде «Янтарь» радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі («Янтарь» РБАЖ) орнатылған болатын. Департамент басшысының орынбасары Мақсат Кувандыков қонақтарды радиоактивті материалдардың санкцияланбаған тасымалының алдын алуға және бақылауға бағытталған«Янтарь» РБАЖ жұмыс қағидаларымен таныстырды. Бұл – еліміз БСҰ мүше болып, ЭКСПО-2017 шеңберінде тұлғалар мен олардың жүктерініңүлкен көлемде өткізілуі күтілетін күндерде өзекті.

Кеден қызметінің рөлі шекаралар ашылып, Республикаға түрлі ұсыныстармен инвесторлар келе бастаған  тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ айқын болды. Атырау қаласының әуежайы халықаралық дәрежеге ие болды, себебі мұнда шетел мамандары, қонақтар, жүйелі түрде жүктер әлемнің әр түкпірінен келе бастады.

«Әуежай-Атырау» кеден бекетінің басшысы Арман Абсиметов Атырау қаласы әуежайының ерекшеліктерін атап өтті, қонақтарға «Янтарь» РБАЖ нысандарының орналасуын көрсетті және ағымдағы проблемалық мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

Кездесу соңында жоғарыда көрсетілген бағытта өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жақсарту туралы шешім қабылданды.

 

«Әуежай-Атырау» кеден бекеті дайындаған