
Евразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің новеллалары
26.12.2016жылы Евразиялықэкономикалықодаққа мүше-мемлекеттердің басшылары Евразиялықэкономикалықодақтың Кеденкодексіне қол қойды.
Жаңа кеден кодексіндеқарастырылған маңызды өзгерістер мен жаңалықтарға тоқталсақ:
- Электрондық декларациялауғабасымдық беру, өзара іс-қимылдың қағазсыз технологиясын қолдану жаңа кодексте тікелей бекітілген. Электрондық кедендік декларациялау кедендік формальдылықтардан жедел өту мен бюрократиялық кедергілерді алу үшін негіз болып табылады.
- Кедендік формальдылықтарды жасау процесін жеделдету және кеден органының брокерлік компаниялардың қатысуынсыз кедендік декларацияны толтыру мүмкіндігі арқылы баламалы таңдауды енгізу бойынша бастамалар қабылданған.
- Тауарларды шығару мерзімі бір жұмыс күнінен жұмыс уақытының 4 сағатына дейін қысқартылды.
- Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша кедендік декларацияны бергенге дейінгі шығару қолданылатын тауарлардың тізімін ұлғайту туралы ұсынысы қабылданды.Ұлттық заңнмада белгіленген жағдайларда кедендік аумақта қайта өңдеу, еркін кедендік аймақ, еркін қойма кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарлар үшін кедендік декларацияны бергенге дейінгі шығару қолданыла алады.
Ұқсас норма нвестициялық преференциялар қолданатын тауарлар үшін, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіндегі сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін және Евразиялық экономикалық комиссия айқындайтын тізімдегі тұлғалар үшін қолданылатын болады.
- Жаңа кодекс тараптардың ортақ процестер шеңберіндегі емес рәсімдік сұрақтарға қатысты ұлттық заңдылықтарына 300-ден аса сілтемелік нормаларды қамтиды.
Ұлттық заңдылықтардың құзыретінің негізгі бағыттарына тоқталсақ, бұлар – міндетті алдын-ала декларациялауды бекіту, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінде орналастыруға жатпайтын шетелдік тауарлардың тізімін бекіту.
Евразиялық экономикалық одақтың жаңа Кеден кодексінің жаңалықтары мен өзгерістеріне талдауды кедендік реттеу жаңа кеден кодексі ретінде ұлттық экономиканы қорғап қана қоймай, жандандыру, сауықтыру және әрі қарау көтеру мақсатында оның құрылымдық қайта құруын жүргізуге ықпал ететін мемлекеттің сыртқы экономикалық мүдделерін іске асыруға бағытталған деп қорытындылауға болады.