
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР ҮШІН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін Салық және Кеден кодекстарыны енгізілген өзгерістер мен қосымшалар бойынша семинар өткізілді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Салық және Кедендік кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар бойынша салық төлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға семинарды Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ж.К.Тлеулес ашып, кездесудің мақсаттары және бағдарламасымен таныстырды.
Баяндама жасаған МКД басқарма, бөлім басшылары жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, ірі салық төлеушілер мониторингі, қосылған құн салығын кері қайтару, Шетелдік қаржыландыру мониторингі, 230 форма бойынша декларация тапсыру, төлемдер, алымдар және басқа да төлемдер туралыайтып, таныстырды. Сонымен қатар 2020 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауға көшу, салық төлеушілерді салық органдарында тіркелуі, электрондық аудитті енгізу туралы ақпарат берілді.
Баяндамалар барысында слайдтар көрсетілді. Семинарға қатысып отырған салық төлеушілер тарапынан түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Атырау облысы бойынша МКД