Date of publication: 08.12.2016 15:52
Date of changing: 08.12.2016 15:56

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

 «Чекті талап етіп-жүлде ұтып ал» акциясы бойынша

баспасөз-бетшесі

 

2016 ж. 1 қазанынан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының (ҰКП) қолдауымен  республика аумағында «Чекті талап етіп жүлде ұтып ал» атты акциясы өткізе бастады.

       Осы акцияның  мақсаты азаматтардың товар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру болды.

Акция «Атамекен» ҰКП-ң қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы жүзеге асырылды.            Бұл мобилді қосымша таза қазақстандық өнім болып табылады. Отандық мамандар дайындаған бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болатын.

Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатысты. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібері алады.

Акция ағымдағы жылғы 1 қазан мен 15 желтоқсан  аралығында өтеді. Осы кезеңде барлық облыстарда ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау шаралары өтті.  Бас финал ағымдағы жылдың желтоқсан айында Астана қаласы Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін біздің Департаментте кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері(тілші М.И.Стадниченко) кіретін комиссиялар құрылды.

 

            Қараша айы бойынша республика аумағындағы қатысушылардың саны 21 110 адам   жіберілген  чектер саны- 830 127, соның ішінде Атырау облысынан 726 адам қатысқан, 32 970 чек жіберілген.

 

Ұтыс ойының ҚАРАША айы бойынша   қорытындысы (Атырау облысы):

-1 орын, Айткалиев Алдияр, Жылыой ауданы, Құлсары ауданы; сыйлыққа «Elenberg» телевизор берілді

-2 орын, Аренова Гүлмира Рашидқызы, Атырау қаласы; сыйлыққа «Elenberg» шаңсорғыш берілді

-3 орын, Жұмагалиева Зарина Амандыкқызы, Атырау қаласы; сыйлыққа « Polaris» мультиварка берілді;

-жұбаныш жүлдесі (утешительный приз) «Elenberg» планшетті ең көп (2 162) чек жіберген Атырау қаласынан  Анар ұтты.

 

Атырау облысы бойынша МКД-ті