Date of publication: 08.11.2016 16:31
Date of changing: 08.11.2016 16:42

«Чекті талап етіп-жүлде ұтып ал» акциясы бойынша  баспасөз-бетшесі

 

2016 ж. 1 қазанынан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының (ҰКП) қолдауымен  республика аумағында «Чекті талап етіп жүлде ұтып ал» атты акциясы өткізе бастады.

       Осы акцияның  мақсаты азаматтардың товар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

            Акция «Атамекен» ҰКП-ң қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі.

            Бұл мобилді қосымша таза қазақстандық өнім болып табылады. Отандық мамандар дайындаған бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

 

Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

Акция ағымдағы жылғы 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында өткізіледі. Осы кезеңде барлық облыстарда ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді.  Бас финал ағымдағы жылдың желтоқсан айында Астана қаласы Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.  Қайталанып жіберліген чектер ұтысқа қатыспайды.

«Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіретін комиссиялар құрылды.

Қазан айы бойынша республика аумағындағы қатысушылардың саны 8357 адам, 226 406 чек жіберілген, соның ішінде Атырау облысынан 463 адам қатысқан, 7 956 чек жіберілген.

 

Ұтыс ойының қазан айы бойынша   қорытындысы (Атырау облысы):

Қамысбаева Жәудір, Жылыой ауданы, Құлсары ауданы – бірінші орын, Philips теледидары табысталдады ;

Орынбасар Зергүл, Атырау қаласы – екінші орын, Samsung шаңсорғышы табысталды;

Қаби Наурызбай, Атырау қаласы – үшінші орын, Polaris мультиваркасы табысталды;

Мұратова Нургүл, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино селосы – жұбаныш жүлдесі (утешительный приз), ең көп 518 чек жіберген, Lenovо  планшеті табысталды.