- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының жобасы | 4 November, 2016 - 16:44 |
1 post / 0 new
4 November 2016#1
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер» Заңының 10 бабына сәйкес Қазақстан Республикасның Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен Мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды құрастырды.
Ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау үшін жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.
Жоба
Мемлекеттік кірістер органдарының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасның Мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттары (әрі қарай – Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»» Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі бекіткен қоғамдық қарым-қатынастар саласындағы (әрі қарай – қоғамдық қарым-қатынастар саласы) сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттарды құрастыру бойынша әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес құрастырылған:
1) салық және кедендік әкімдіктеуде;
2) құқық қорғау қызметінде.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитеті сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттарды құрастырушы болып табылады.
3. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қарым-қатынастардың оқшауланған саласы үшін сыбайлас-жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нұсқаулар жүйесін белгілеуге бағытталған.
4. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттарды құрастырудың мақсаттары болып табылады:
1) қоғамдық қарым-қатынастардың оқшауланған салаларында қызмет атқаратын тұлғаларда сыбайлас-жемқорлыққа төзбестік ахуал қалыптастыру;
2) сыбайлас-жемқорлықты танытуды уақтылы анықтау және олардың керіс әсерлерін болдырмау.
5. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттартардың қағидаттары болып табылады:
1) заңдылық;
2) ашықтық;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқытары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас-жемқорлық іс-қимылдардан қорғау;
5) мүдделер жанжалына жол бермеу.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қарым-қатынастырдың оқшауланған саласында қызмет атқаратын тұлғалардың бекітілген ережелерді қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану іс-әрекеттерін және шешімдерін анықтайды.
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізіне лауазымдық міндететтерін орындауда сыбайлас жемқорлық іс қимылын келесіде болдырмау қойылған:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын салаларда жеке және заңды тұлғалардың құқытары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда;
2) өзінің құзіретінің шегінде басқарушылық және басқа шешімдерді дайындауда және қабылдауда;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқытық актілерінің жобаларын дайындауда;
4) өмірлік іс әрекетінің тиісті саласының ерекшелігіне сәйкес басқа қоғамдық маңызды қатынастарда.
2. Қоғамдық қатынстар саласында қызмет атқаратын тұлғалардың мінез-құлықтарының (іс әрекеттерінің) ережелері
2.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын салаларда жеке және заңды тұлғалардың құқытары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда
1) Қазақстан халқының біртұтастығы мен елдегі ұлтаралық ынтымақтың нығайтуына мүмкіндік туғызу, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерін құрметтеу;
2) быть честным, справедливым, скромным, соблюдать общепринятые морально-этические нормы в обращении с физическими лицами, представителями юридических лиц и коллегами, проявлять вежливость и корректность;
3) қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділеттігін қамтамасыз ету;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқытары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешеімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
5) өзінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынауға себеп бермеу, сынау үшін қудалауды болдырмау, кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалану;
6) қызмет бабын мемлекеттік органдардың, мекмелердің, мемелкеттік қызметшілердің және басқа тұлғалардың іс әрекетіне жеке сипатты мәселелерді шешкенде әсер ету мақсатта пайдаланбау;
7) шындыққа жатпайтын мәліметтерді жарияламау;
8) тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған теріс қылықтар мен басқа құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу.
9) асқа мемлекеттік огандардың, мекемелердің және кәсіпкерлік объектілерінің қызметтеріне заңсыз араласуға жол бермеу.
2.2. өзінің құзыретінің шегінде басқарушылық немесе басқа шешімдер дайындау мен қабылдауда
1) тура немесе тікелей басшысына туындаған мүдделердің жанжалы туралы, қызметтік міндеттерін орныдауда жеке мүдделілік туралы, сыбайлас жемқорлық імс қимылға және сыйлық алуға көндіру туралы хабарлау ;
2) қызметтік міндеттерін орындағанда жеке және пайдақорлық мүдедделерді басшылыққа алмау;
3) әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер ете алатын қарым-қатынастырдың бекітілген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестерге және басшылыққа жүгінуден тартыну;
4) басқа тұлғаларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасауға түркілемеу және ол үшін көтермелемеу;
5) лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланып мүліктік пайда, игіліктерді немесе басымдылық алу үшін әріптестеріне, басшыларына және басқа лауазымдық тұлғаларға сыйлықтар бермеу және жұмыстан тыс қызметтер көрсетпеу;
6) лауазымдық өкілеттіктерін орныдаумен байланысты сыйлықтарды қабыл алмау;
7) мүліктік жіне мүліктік емес игіліктер мен басымдылықтарды алу мақсатында жариялануға жатпайтын қызметтік және басқа ақпаратты пайдаланбау;
8) қызметтен бас тарту, егер ол жақын туыстық қатынастрада тұрған тұлғаларға (ата-анасы, ерлі-зайыптылар, аға-інілері, балалары) тікелей бағыныштығымен немесе басқарылуымен байланысты болса);
9) сыбайлас жемқорлыққа күресте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенделік көрсету;
10) басшылыққа сыбайлас жемқорлықтың белгілі болған деректері туралы, сонымен қатар материалдарды жылдамдатып немесе созып қарастыру үшін пайда алуға түрткілеу туралы дереу хабарлау;
11) орындауға алған өкімнің заңдылығы бойынша күмән туса, тікелей басшыға жазбаша түрде хабардар ету;
12) жоғары тұрған басшылыққа жүгіну, егер тікелей басшының өзі мүдделер жанжалына тартылған болса;
13) құқытқы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттердің мәдениетін сақтау және әріптестерден оны талап ету;
14) үнемі негізде мүдделер жанжалының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және олардың салдарының пайда болу мүмкін себептерін және жағдайларын жою бойнша шаралар қолдану;
15) кәсіпкерлік немесе пайда табумен байланысты басқа қызметті жүзеге асыпуда қолдау көрстеуден тартыну;
16) үшінші тұлғалардың мүдделеріне өкілдәк етуден немесе олардың атынан әрекет жасаудан тартыну;
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсеткенде, лицензиялық-рұқсаттық қызмет жүзеге асырғанда және басқа қызметтер көрсеткенде мемлкеттік кірістердің органдарының лауазымды тұлғаларына ұсынылады:
1) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жоғарлату бойынша үнемі негізде шаралар қолдану;
2) мемлекеттік қызмтетер, лицензиялар және басқа рұқсат ететін құжаттарды алуға өтініштерді қарастырғанда қағазбастылыққа жол бермей, оларды белгіленген мерзімде табыс ету;
3) мемлекеттік қызмтетер, лицензиялар және басқа рұқсат ететін құжаттарды алуға өтініш бергендермен қызметтен тыс қарым-қатынастарға түспеу;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа түрткілеген жағдайда басшылыққа хабарлау;
5) мемлекеттік қызмтетер, лицензиялар және басқа рұқсат ететін құжаттарды алуға өтініш бергендермен қатынста болуының мерзімін төмендету;
6) мемлекеттік қызмтетер, лицензиялар және басқа рұқсат ететін құжаттарды алу үшін қажет тізімдемеге жатпайтын қосымша құжаттарды талап етпеу және сұраныс жасамау;
7) қызмет алушылардан ақпараттық жүйелер арқылы алуға болатын құжаттарды талап етпеу;
8) ақпараттық жүйелерге (олар болған жағдайда) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы қарастырылатын өтініштер туралы мәліметтерді, және олардың қарастырылу мәртебесі жөнінде уақытылы енгізу;
Мемлекеттік кірістер органдарына ведомстовлық бағыныштықұқық бұзушылықтарды ашу, тергеу және жол бермеу бойынша оотқа дейінгі тергеу-тексерулерді және жедел-іздестіру жүргізгенде Экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлеріне ұсынылады:
1) материалдық пайда алу мақсатында жеке және заңды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді СДТБТ-ге заңсыз тіркеу деректерін болдырмау;
2) сотқа дейінгі тергеудің материалдары бойынша жарамды шешім қабылдау үшін пара алуға көндіру жағдайлары туралы басшылықты дереу хабардар ету;
3) сотқа дейінгі тергеу-тексеру және жедел-іздестіру аралар барысында белгілі болған мәліметтерді жария етпеу;
4) сотқа дейінгі тергеулердің материалдары бойынша мүдделердің жанжалы туындағанда тікелей басшыға өздігінен бас тартқаны туралы жүгіну қажет;
5) құжаттарды немесе басқа айғақтарды жасыруға жол бермеу;
6) тұлғалардың жуапкершіліктен және заңдылықтан жалтаруына жол бермеу және мүмкіндік бермеу;
7) жедел-іздестіру әрекетерін орындау үшін бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсаттық пайдалануын қамтамасыз ету;
8) жедел-іздестіру шаралардың деректерін бұрмалауға жол бермеу;
9) жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдаудан заңсыз бас тартуды болдырмау;
10) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жүгінулері бойынша толық және жанжақты тексеру жұмыстарын жүргізу.
Мемлкеттік кірістер органдарының құзіретіне кіретін жеке және заңды тұлғаларды текергенде лауазымдық тұлғаларға ұсынылады:
1) тексеру субъектілерінің қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу;
2) жеке мүдделер мен үшінші тұлғалардың мүдделері үшін тексерулерге бастамашылық жасауға жол бермеу;
3) тексеру шараларын тексерілетін субъектілердің тарапынан жүргізуді болдырмау;
4) тексерілетін субъектілереге заңсыз талаптар қоймау, тексерістің тақырыбына жатпайтын өтініштермен жүгінуге болмайды;
5) тексерілетін субъектіге тексеріскезінде оның мәніне жататын қажет ақпаратты ұсыну;
6) жеке және пайдақорлық мүддлерде кәсіпкерлік қызметтің субъектілеріне қолдау көрсетпеу;
7) тексерістер жүргізгенде кәсіпкерліктің тексерілетін субъектілерінен тексерудің мәніне жатпайтын құжаттарды талап етпеу;
8) кәсіпкерліктің субъектісінің рұқсатынсыз қызметтік міндеттерін орындау кезде мәлім болған коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жариялау және (немесе) пайдалануды болдырмау, Қазақстан Республикасының заңнамасы бекіткен жағдайлардан басқа.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алумен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырған кезде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына ұсынылады:
1) мемлекеттік сатып алулар үшін пайдланатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді ұстау;
2) әлеуетті жеткізулер үшін мемлекеттік сатып алулар рәсіміне қатысу үшін бірдей мүмкіндік ұсыну, Заңмен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда;
3) әлеуетті жеткізушілер арасында адал бәсекелестуікті қамтамасыз ету;
4) мемлекттік сатып алулардың рәсімінің ашықтығын және анықтығын;
5) отандық тауар өндірушілеріне, сонымен қатар жұмыстар мен қызметтер көрсететін отандық жеткізушілерге Қазақстан Рсепубликасы бекіткен халықаралық келісмдерге қайшы келмейтіндей қолдау көрсету;
6) сыбайлас жемқорлық қимылдарына жол бермеу;
7) өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда осы әлеуетті жеткізушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті уәкілінің жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдауға қатысу құықығы бар немесе тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуларда өткізілетін мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы болып табылатын жақын туыстарын, ерлі-зайыптарын немесе жекжаттарын қатысуға жол бермеу;
8) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттері бар және Борышкерлердің бірыңғай тізімдемесіне енгізілген әлеуетті жеткізушіге және (немесе) онымен тартылатын қосалқы мердігерге (қосыалқы орындаушы) қатысушы ретінде рұқсат бермеу.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін/ жұмыскерлерін іріктеу және тағайындау бойынша кадрлық жұмыстарды ұйымдастырғанда басшылар мен лауазымдық тұлғаларға ұсынлады:
1) жоғары лауазымға лауазымдық тұлғаны тағайындағанда мемлкеттік кірістер органдарының резервінде болуын ескеру;
2) меритократия қағидаттарын басшылыққа алу;
3) тағайындау бойынша материалдарды қарастырудың белгіленген мерзімдерін сақтау және бақылау;
4) мемлекеттік кірістер органдарына қызметке/жұмысқа қабылдаған кезде негізгі міндеттерін, лаузымдық тұлғаларға салынған тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;
5) кадрларды іріктегенде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау;
6) мемлекеттік қызметкерлердің жеке деркетері туралы мәліметтерді заңсыз табыс етілуіне жол бермеу;
7) мемлекеттік кірістер органдарына қызметке/жұмысқа үміткерлерден еңбек шартын жасау үшін қатысты емес құжаттарды талап етпеу;
8) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жөнінде қызметтік тексерулерді объективтік және жан-жақты жүргізу;
9) қызметтік тергеулер материалдары бойынша өтетені, лауазымдарға тағайындалатын және біліктілік таптары тағайындалатын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымдық тұлғаларынан жеке сипатты қызмет көрсетуді талап етпеу және өтінішпен жүгінбеу.
2.3. норматитвік-құқықтық актілердің жобаларын дайындаған кезде
1) ноамативтік-құқытық актілердің жобаларын дайындағауда және талқылауда қоғамдықтың, бұқаралық ақпарат құрадарының міндетті қатысуы;
2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді құрастрған кезде Қазасқатн Республикасының Кәсіпкерлерінң ұлттық палатысының уәкілдерінің және жеке кәсіпкерліктің субъектілерінің аккредитацияланған бірлестіктердің міндетті қатысуы;
3) нормативтік-құқытық актілердің құрастырылған жобаларын мүдделі мемлекеттік органдарға мақұлдануға жіберілгенге дейін жалпы талқылау үшін ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жариялау.
4) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерінің жобалары сараптамалық кеңес отырыснда қаралғанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялануға (жайылуына) жатады;
5) нормативтік-құқытық актілерді сараптамаларды жүргізусіз (құқықтық, экономикалық, қаржылық және басқа сараптамаларсыз) құрастыруға тыйым салынады;
6) нормативтік-құқытық актілерде сыбайлас жемқорлық ықпалдары немесе олардың белгілері бар, сонымен қатар құқық бұзушылықтар үшін баламалы санкциялары көзделген нормаларды пайдаланбау.
2.4. өмір тіршілігінің саласының ерекшелігіне байланысты басқа қоғамдық маңызды қатынастарда
1) кадралды іріктеу кезде туыстық, жерлестік және жеке қалау белгілері бойынша тағайындауды болдырмау, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
2) лауазымды бағыныңқы тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің мақсаттары мен көлемін нақты және анық анықтау;
3) бағыныңқы лауазымдық тұлғалар арасында еңбек жүктемесінің ауытқымалы үлестірілуіне жол бермеу;
4) олардың қызметтерінің нәтижелерін бағалағанда, соынмен қатар көтермелеу және жазалау шараларын қолданғанда әділеттік пен әділдік көрсету;
5) нақты орындалуға мүмкн болмайтын немесе лауазымдық міндеттердің шегінен тыс шығатын, сонымен қатар заңға қайшы келетін өкімдерді шығармау;
6) қызмет бабын қызметтен тыс мәселелерді шешу кезде бағыныңқы қызметкерлердің әрекеттеріне ықпал жасамау;
7) бағыныңқы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға мәжбүрлемеу;
8) бағыныңқы қызметкерлер мен басқа лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу деректерін болдырмау және жол бермеу;
9) қызметтік міндеттерін орындау барысында әріптестер арасында туындаған мүдделер жанжалын реттеу бойынша жеткілікті шаралар қолдану;
10) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жеткілікті шараларды қолдану;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзылушықтарға жол берген себеп және жағдайларды жою, оның ішінде бағыныңқы қызметкерлерді қоса алғанда;
12) ақшалай немесе басқа мүліктік сипатты құмар ойындарға жоғары немесе төмен тұрған, немесе қызмет бойынша онымен басқа бағынышты лауазымдық тұлғамен қатыспау;
13) қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындауға басқаларды, оның ішінде бағыныңқы қызметкерлерді де, тартуыға жол бермеу.
_____________________________