Жарияланған күні: 11.07.2019 18:57
Өзгертілген күні: 11.07.2019 19:03

 

 

Виртуалды қойма туралы ақпарат

 

Құрметті салық төлеушілер, импортталған тауардың бөлшек сатылымына дейін қозғалысын бақылау мақсатында кедендік және салық жүйелерін біріктіруді қарастыратын Ұлт жоспарының 39 қадамын жүзеге асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап «Электронды шот-фактура» ақпараттық жүйесін қайта жасақтау арқылы «Виртуалды қойма» модулі іске қосылды.

               «Виртуалды қойма» - Импортталған немесе Қазақстанда өндірілген сәттен бастап бөлшек саудаға не экспортқа сатылған уақытқа дейін тауар қозғалысын автоматты түрде қадағалуаға мүмкіндік беретін эШф  аж –нің модулі.

               «Виртуалды қойма» модулі  салық төлеушілерге қоймалар мен сауда орындарын, сондай-ақ сол қоймаларда бар тауарларды тіркеу арқылы қоймалық жұмыс бизнес-үрдісін басқаруға мүмкіндік береді.

               Бастапқы кезеңде модуль автокөліктерге қатысты болса, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тізімге келесі тауарлар қосылды:

               -секер шикізаты;

               -теледидар;

               -тоңазытқыш.

               Осыған байланысты 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап жоғарыда көрсетілген тауарларға электронды шот-фактуралар жазу үшін,  олардың Виртуалды қоймада болуы қажет. Сондықтан, Сізге сатылатын тауарлар санымен тең немесе одан көп мөлшердегі тауар қалдықтарын Виртуалды қоймаға енгізу қажет.

               Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында http://kgd.gov.kz/ru/content/virtualnyy-sklad-1 сілтемесі арқылы Виртуалды қойма бөлімінде модульге қатысты барлық мәліметтер, соның ішінде сатылуы Виртуалды қойма арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың СЭҚ ТН кодтар тізімі мен тауар қалдықтарын  Виртуалды қойма модуліне  енгізуге қатысты  нұсқама көрсетілген бейнебаяндар орналастрылығаны қосымша хабарланады.

               Сұрақтар туындаған жағдайда, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ҚҚС әкімшілендіру бөліміне 6 қабат, 62 кабинетке жолығуыңыз сұралады.

Телефоны: 8 7122 (318441).