Жарияланған күні: 10.06.2019 19:33
Өзгертілген күні: 10.06.2019 19:43

 

«Тұтынушы тауар чегі мен фискалды чектің айырмашылығы қандай?

Атырау облысы бойынша МКД 2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Қазақтелеком" АҚ фискалдық деректер операторымен бірлесіп "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал" жалпы республикалық акциясы науқанын Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалғастырды. Акция туралы жан-жақты таныстырылып, тұтынушыларға аталған акцияны өткізуге атсалысып, тұрғындардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартудың жолдары түсіндірілді. Солардың бірі-тұтынышыларға чек беру кезінде кейбір адал емес сатушылар мен қызмет көрсетушілер тауар чегі мен бірге фискалды чекті қосып бермейді. Өйткені тауар чегі бухгалтерлік есепке жатқызылғаны мен салықтық есептілікте көрсетілмей бюджетке толық көлемде салық түсімдері төленбейді. Бұл өз кезегінде көлеңкелі экономиканың деңгейін ұлғайтып отыр. Сондықтан да тұрғындар мен тұтынушылар сауда жасау мен қызмет алу кезінде тауар чегі мен қоса фискалды чекті де бірге талап етіп, бюджетті толықтыруда өз ықпалын тигізуді талап етуі тиіс.

Атырау облысы бойынша МКД