Жарияланған күні: 23.08.2019 11:45
Өзгертілген күні: 23.08.2019 12:48

 

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

 

     «Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2017  жылғы   25 желтоқсанындағы № 120-VI Кодексінің (бұдан әрі-Салық Кодексі)  603 бабының 1 тармағына  сәйкес, Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

        Тиісті рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.

         Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

        Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.

    Салық  Кодексінің 606 бабына сәйкес Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға арналған рұқсат құжатында белгіленген, сыртқы (көрнекі) жарнама рұқсат құжатынсыз орналастырылған жағдайда – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе жергілікті атқарушы органдар белгілеген сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.

      Бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.

         Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама рұқсат құжаты негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың алғашқы айы үшін төлемақы төлеу осындай рұқсат құжаты алынғанға дейін жүргізілуге тиіс.

         Рұқсат құжатын алған кезде төлемақы төлеушілер Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе жергілікті атқарушы органдарға сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың алғашқы айы үшін төлемақы сомасының бюджетке енгізілгенін растайтын құжатты ұсынады.

      Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

 

Ә.Қ.Алдиярова

Атырау  қаласы  бойынша 

Мемлекеттік  кірістер  басқармасының

жетекші  маманы