Жарияланған күні: 25.12.2018 09:54
Өзгертілген күні: 25.12.2018 11:31

 

 

СЕНІМ   ТЕЛЕФОНДАРЫ

 

«Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық  тергеулер қызметі»  35-42-10 (кезекші бөлім),  31-60-59 сенім телефондары қызмет жасайтындығын хабарлайды.

Сенім телефондары арқылы  Сіздер  экономика саласындағы  құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, оның ішінде жалған кәсіпкерлік, бюджеттік қаржыны ұрлау, экономикалық контрабанда, мұнай және  мұнайөнімдерінің, алкогольдік өнімдердің заңсыз айналымы, ойын бизнесі, салықтық саласындағы қылмыстар, терроризм мен экстремизмді қаржыландыру және басқа да деректері туралы ақпараттарды  хабарлай  аласыздар.

Сонымен қатар, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі  қызметкерлері  тарапынан   орын  алған  сыбайлас  жемқорлық (сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдік), оның ішінде  қызмет  бабын  асыра  пайдалану, пара алу, пара беру  және   т.б. деректері  хабарлауға  болатындығын  назарларыңызға ұсынылады.

         Әр аптаның  дүйсенбі, сәрсенбі  күндері  Департаменттің  жауапты лауазымды тұлғаларымен  аталған сұрақтармен азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.

 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ