Жарияланған күні: 13.03.2019 10:19
Өзгертілген күні: 13.03.2019 10:24

 

Онлайн- Бақылау касса машиналарын қолдануға  кезең-кезеңімен өту

  

 Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы№ 120-VI Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 5-тармағымен көрсетілген салық төлеушілерді ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – ДБФ бар БКМ) қолдануға кезең-кезеңімен өтуге байланысты төмендегіні хабарлайды.

Қызметін ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады.

          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 санды  бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті болатын жекелеген қызмет түрлерінің тізбесі  бойынша нормалар кезең-кезеңімен енгізілген.

         1.Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданатын қызмет түрлері (қызметтің 323 түрі);

         2.Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданатын қызмет түрлері ( 86 қызмет түрі); 

         3.Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылдың 1 қазанынан бастап қолданатын қызмет түрлері (224 қызмет түрі).

 Патент негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын, арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады.

          Тізімдер мына мекен жайларда: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz  web порталында орналастырылған.

        

Дакушева Нуржамал Шенгалиевна Атырау облысы бойынша МКД бас маманы Тел:318424