Жарияланған күні: 14.01.2019 11:55
Өзгертілген күні: 14.01.2019 11:59

 

«Мұнайөнімдерін құжатсыз тасымалдағаны үшін сотталды»

 

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында  «А» азаматының мұнай және мұнай өнімдері саласындағы құқық бұзушылық фактісін жасағаны анықталды.

         «А» азамат  өзінің танысы «Д» азаматтың атына  негізгі қызмет түрі газдың көтерме және бөлшек саудасымен айналасатын «Г» ЖШС-н тіркеген.

         «А» азаматы белгісіз адамдардан сатып алынған сұйытылған газды РФ-ның нарығына жеткізу мақсатында, Ресейлік серіктестері арқылы қажетті автокөліктерді тауып, олардың экипажымен жалға алу шартын жасағандығы анықталды.

                Содан кейін,«А» азаматы жалға алған автокөліктермен жалпы құны 4 209 600 теңгені құрайтын 40 тонна көлемінде коммуналдық тұрмыстық мақсатта пайдаланатын сұйытылған көмірсутекті газын Құлсары қаласынан шығармақ болған.

         Анықталған деректерге сәйкес Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі «А» азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 197-бабы 3-бөлігі бойынша (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу)қылмыстық іс қозғады.

         06.12.2018 жылғы Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының үкімімен «А» азаматы ҚР ҚК-нің 197-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған қатысты мүлікті тәркілеусіз 1 (бір) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

         Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден, мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы туралы ақпарат болса, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35 42 09, 35-42-10 телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.