Жарияланған күні: 14.03.2019 17:46
Өзгертілген күні: 14.03.2019 17:51

 

«МӘСҚ» АҚ «МӘСҚ» Қорынан тағайындалатын төлем» тақырыбындағы «Ашық есік күніне» шақырады!

Атырау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтындару қоры» филиалы барша ниет білдірушілерді 2019 жылдың 15 наурызыкүні сағат 11.00 мен 17.00 аралығындаАтырау облысы Ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығыныңғимаратында (Махамбет көш–88,БЖЗҚ ғимаратының 2-қабаты) өткізілетін «Ашық есік күніне» шақырады.

Аталған іс-шара азаматтардың құқықтарын әлеуметтік салада мемлекеттік қолдау шаралары және ақпараттандыруды жандандыру мақсатында өткізіледі.

Ашық есік күні қазақстандықтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жаңартылуы, сонымен қатар МӘСҚ-нан кімдер төлемдерді алуға құқылы, ҚР азаматтары төлемнің қандай түрлеріне құқылы, есептеу қалай жүргізіледі, әлеуметтік аударым мөлшері, қандай негізде және қайда өтініш жасай алатындығы туралы біле алады.

Қор жұмыс істейтін халықты қолдауға арналған әлеуметтік аударымдар – бұл туындауы мүмкін әлеуметтік қатерлерден қорғаудың кепілі болып табылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылуына байланысты табыстың бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы. Осындай жағдайларда жүйе қатысушысы (яғни жеке тұлға, әлеуметтік аударымдар жүргізген) немесе оның отбасы МӘСҚ-нан әлеуметтік төлем алады, бұл мемлекеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақыдан бөлек жүргізіледі.

Барлық қызметтер халыққа ақысыз түрде көрсетіледі, бұл МӘСҚ құзыреті коммерциялық емес, еліміздегі барша азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау мен қамтамасыз ету бағытында жасақталған.

Барлық қатысушылар әлеуметтік төлемге қатысты көкейтесті сұрақтарына толыққанды жауап ала алады, сондай-ақ жеке кеңестер беріледі.

 

Қош келдіңіздер !