Жарияланған күні: 13.05.2019 13:57
Өзгертілген күні: 13.05.2019 14:02

 

Мемлекеттік шекарадағы экспорттық бақылау

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі  шешіміне сәйкес  Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен шектеспейтін Мемлекеттік шекарасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті  экспорттық бақылау жүргізеді.

Экспорттық бақылауға:

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін экспорттық бақылауға жататын өнімдерді бақылау,

Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден төмендетілген  бажбен әкелінген тауарларды  елдің аумағынан шығаруға жол бермеу,

импортталатын және экспортталатын  тауарларды есептеу және талдау,  Еуразиялық экономикалық одақта жұмыс істеуге, қызмет көрсетуге,

тауарлар сатуға байланысты  импортқа қосымша құн салығының толық түсімін қамтамасыз ету,  

экспортқа немесе импортқа уақытша шектеулер енгізілген жекелеген тауарларға бақылауды жүзеге асыру міндеттері жүктелген.

Қазақстанның Россиямен Мемлекеттік шекарасында орналасқан «Құрманғазы» өткізу пунктінде  экспорттық бақылауды Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2018 жылғы 18 қазандағы                    № 561 бұйрығының негізінде  экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары тұрақты түрде, тәулік бойы үзіліссіз жүргізеді. Олар  2016 әскери бөлімінің «Құрманғазы» шекаралық бақылау бөлімшесімен бірге, бекітілген бірлескен іс - қимыл Ережесіне сәйкес әрекет етеді.

Шекара арқылы өтетін  барлық тұлғалар өздері алып келе жатырған жүктер мен тауарлардың халықаралық тауар-көліктік жүкқұжатын (CMR),    оның жөнелтушісі және алушысы туралы мәліметті қамтитын өзге де құжаттарды экспорттық бақылау жүргізетін лауазымды тұлғаларға ұсынуға міндетті. Құжаттар сканерлеу арқылы тіркеуге алынады, жинақталған мәліметтер тиісті салық органдарына жіберіледі.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдерден (мысалы Россиядан)   коммерциялық  және басқа да кәсіпкерлік  мақсатта   әкелінген тауарлардан салықтың  төленуі салық органдарының бақылауына алынады. Әрбір салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі  айдың 20 - шы күнінен кешіктірмей өзінің тіркелген жеріне салық есебінің 320.00 және 328.00 нысандары бойынша есептерін ұсынуы қажет.

Республика аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттерден әкелінетін тауарларға тиісті ілеспе құжаттардың  болуы қажет  және оларда жүктің атауы, салмағы мен құны, тауарды жөнелтуші мен алушының  аты - жөні, мекен - жайлары, жеке немесе бизнес сәйкестілік нөмірлері толық әрі  дұрыс көрсетілуі  керек.  Бұл тауар тасымалымен айналысатын барлық тұлғалар үшін Мемлекеттік шекарадан өту кезінде өте маңызды. 

 

Атырау облысы бойыншаМемлекеттік кірістер департаментінің

экспорттық бақылау басқармасы

                                                      Телефон: 8 (7122) 31 84 31