Жарияланған күні: 08.05.2019 12:08
Өзгертілген күні: 08.05.2019 13:20

 

«Контрафакт» республикалық акциясы

         Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықты кеңінен қамту және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелеріне құқық иеленушілерді тарту үшін 2019 жылдың 6-17 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуді жоспарлады.

         Аталған акция шеңберінде 16-29 жас аралығындағы жастар арасында «Қазақстанда контрафактілік жоқ» атты үздік қысқа бейнероликке (vine) және 14-16 жас аралығындағы балалар арасында «Зияткерлік меншік және мемлекет моделі 2050 жыл» атты үздік эссесіне республикалық конкурстар, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша интернет - конференцияға, Нұр-Сұлтан қаласында «Контрафакт» акциясын аяқтау рәсімі өткізу көзделген.

         13 мамырында зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша интернет-конференция өткізу жоспарлануда.

         Барлық ниет білдірушілерді байқауға қатысуға шақырамыз.

Атырау облысы бойынша МК баспасөз қызметі

30-33-29