Жарияланған күні: 26.06.2019 09:14
Өзгертілген күні: 26.06.2019 12:38

 

IPhone 7 фискалды чек үшін Атырау облысының алғашқы жеңімпазы анықталды!

Атырау облысы Индер ауылының тұрғыны Анастасия Черняева ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен "Қазақтелеком" АҚ бірлескен "чек талап ет – жүлдені ұтып ал"акциясының жеңімпазы атанды.

Жас қыз дүкенде 320 теңгеге сатып алған – IPhone 7 смартфоны.

Естеріңізге сала кетейік, акция 1 мамыр күні басталып, 2019 жылдың 8 тамызына дейін жалғасады. 100 күн ішінде 100 смартфон ойнатылады.

Оған әрбір адам қатыса алады. Ол үшін өз гаджетіне "таңдау" қосымшасын көшіріп, чектің деректерін осы қосымшада сақтау қажет.

Әрі қарай тек ұтыс ойынын бақылау ғана қалады. Жүлде иесі кездейсоқ сандар генераторының көмегімен күн сайын анықталады.

Чектер мен қатысушылар саны шектелмеген. Чек сомасы маңызды емес. Мәселен, мамыр-маусым айларында Атырау облысында 200-ге жуық адам акцияға қатысып, 1800-ге жуық чек жөнелтілді.

Атырау облысы бойынша МКД баспасөз қызметі