Жарияланған күні: 29.11.2018 11:37
Өзгертілген күні: 29.11.2018 11:56

 

«Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері – зейнеткерлермен кездесті»

 

23.11.2018 жылы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде«1 – желтоқсан тұнғыш Президент күні»және «16 – желтоқсан тәуелсіздіккүні» мерекесі қарсаңында қаржы полиция органдарының зейнеткерлерімен кездесу шарасы өтті.

Салтанатты шараға Департаментің басшысы Е.А.Жанбаев, Департамент  басшысының орынбасары (Экономикалық тергеу қызметінің жетекшісі)Д.Е.Ақылбековжәне зейнеткерлер мен Экономикалық тергеу қызметінің (ЭТҚ) жеке құрамы қатысты.

         Кездесуді Департамент басшысы Е.А.Жанбаев ашып, шараға қатысушыларға тұнғыш Президент күні және Еліміздің тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, зейнеткерлерге (ардагерлерге)мықты денсаулық отбасыларына амандық, бақыт тілеп, олардың жастарға беретін тәжірибелерінің зор екендігін жеткізді. Қазіргі уақытта елбірлігін сақтау және еліміз алға қарай дамыған әлемдегі 30 елдің қатарына қосылу жоспары бойынша мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикасының жүйелі түрде дамуын қамтамасыз ету басты міндетімізекендігін атап өтті.

Шара барысында, зейнеткерлер М.С.Бисембиев, А.Н.Рахметов, М.И.Мерзилкин Департамент басшылығына өз ризашылықтарын білдіріп, жеке құрамға еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жоғары көрсеткіштерге жеткізулеріне тілектерін білдірді.

      

Салтанатты шараны аяқтай келе, Департамент басшысы Е.А.Жанбаев, елімізді қалыптастырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегімен көрегендігі жемісі екендігін түсіндіріп, еліміздің алға қарай дамуына үлес қосу әр азаматтың борышы болып табылатындығын және келешекте мемлекетіміз әрқашан гүлденіп, бүкіл әлемді таңғалдыра беретіндігіне сенім білдірді.

Бұдан әрі, Департамент басшысының орынбасары Д.Е.Ақылбеков, салтанатты шараға қатысып отырған қаржы полиция органдарының зейнеткерлерін және Экономикалық тергеу қызметінің жеке құрамын алдағы келе жатқан мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық,бақытты ғұмыр, еңбектерінежетістіктер  мен  сәттіліктер   тілейтіндігін  жеткізді.

Мерекелік  шараестелік  суреттке  түсуімен  аяқталды.

 

Атырау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер Департаменті

Экономикалық тергеу қызметі