Жарияланған күні: 29.11.2018 12:52
Өзгертілген күні: 29.11.2018 12:56

 

 

«Эконокономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын алдын алу және оны болдырмау» тақырыбында дәріс сабағы жүргізілді»

 

         2018 жылдың 24 қараша күні Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Экономикалық тергеу қызметінің жеке құрамының қатысуымен«Cыбайлас жемқорлықты жою басты міндет» тақырыбында  дәріс сабағы жүргізілді.

         Дәріс сабағы барысында, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қ.С.Жардемов  Экономикалық тергеу қызметінің жеке құрамына Мемлекеттік кірістер комитетінен «Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың жағдайы» тақырыбында келіп түскен шолумен толықтай таныстырды.      

         Сонымен қатар, Экономикалық тергеу қызметінің жеке құрамына «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын алдын алу және оны болдырмау» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

         Өткізілген сабақта,қатысушылар сыбайлас жемқорлық бойынша толғандыратын өзге де сұрақтар  қойып, толықтай жауаптар берілді.

         Дәріс сабағын аяқтай келе, Экономикалық тергеу қызметінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қ.С.Жардемов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік төзімдікті» қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты іс-шаралар мен тапсырмаларды жүзеге асырудың аса қажетті екендігін жеткізді.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы