Жарияланған күні: 23.08.2019 09:46
Өзгертілген күні: 23.08.2019 10:08

 

                                                 Бірыңғай жиынтық төлем.

 

          2019 жылдан бастап Қазақстанда Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді, ол салық органдарында формальды емес жұмыспен қамтылғандар қызметін тіркеудің оңайлатылған тәртібін көздейді.

Ол төлемнің төрт міндетті түрін біріктіреді:

  • жеке табыс салығы (ЖТС);
  • мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
  • БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері;
  • міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

Мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және (немесе) акциздік өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілері деп танылады.

Осыған байланысты, басқа жеке тұлғаларға қызмет атқаратын және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерді өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлейді. Мысалы, егер заңды тұлғаға және (немесе) дара кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, осындай қызметті көрсететін жеке тұлғаның – БЖТ қолдануға құқығы жоқ.

Сонымен қатар, бірқатар шектеулердің заңнамамен қарастырылғанына назар аударамыз.

БЖТ төлеушілері болып мыналар танылмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерi аумағында, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын, оның iшiнде меншік құқығындағы, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару сауда объектілерін қоса алғанда, қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

2) тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға (мүлiктiк жалдау) беретін тұлғалар;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;

5) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуі бар адамдар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген немесе жекеше практикамен айналысатын тұлғалар және стационарлық орындар арқылы қызмет атқаратын (коммерциялық объектілер – сауда объектілері, базарлар және т.б),  (тұрғын үйді қоспағанда) мүлікті жалға беретін тұлғалар БЖТ төлеушілері бола алмайды.

Осыдан басқа, БЖТ төлеушінің  табыс мөлшері күнтiзбелiк жыл үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің 1 175 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.

Жеке тұлғалар, бірыңғай жиынтық төлем жасалған күннен бастап мұндай төлем жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.

БЖТ жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары қосылады. 

БЖТ мөлшері:

– 1 АЕК - республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, астана үшін;

  • 0,5 АЕК – басқа елді мекендер үшін.

Бюджет пен қорлар арасында төлемдердің бөлінуі ыңғайлы болу үшін, бiрыңғай жиынтық төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аудару жолымен бір төлем тапсырмасымен жалпы сомамен төленуге жатады, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БЖТ-ді төмендегіше бөледі:

  • жеке табыс салығы (бюджетке 10%);
  • әлеуметтік төлемдер (ӘСМҚ-на 20 %);
  • зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ-на 30 %);
  • МӘМС –ға аударымдарына (ӘМСҚ-на 40 %).

 

БЖТ-ді табыс алынған әр ай үшін жеке-жеке төлеу қажет. Сондай-ақ келесі айларға аванс төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

БЖТ-ді Қазақстанның кез келген банкінің кассаларында, сондай-ақ "Қазпошта" бөлімшелерінде төлеуге болады. Ол үшін өзінің жеке куәлігін көрсетіп, "183" ТТК бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ банктік шотына төлем жүргізу қажет.

Бенефициар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Бенефициардың БСН

160440007161

Бенефициардың БСК

GCVPKZ2A

Бенефициардың ЖСК

KZ47009ESP0163609911

Төлем тағайындау коды

183

Ағымдағы жылдың басынан БЖТ төлеген 6647 жеке тұланың сомасы 2 380,7 мың теңгені құрады.

Дербес жұмыспен қамтылған жеке тұлғаларға бірыңғай жиынтық төлемді төлеу:

  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға;
  • зейнетақы жинақтарын жүргізуге мүмкіндік және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға құқық береді;
  • еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.

                                                                              Атырау облысы бойынша МКД-нің

                                                                       Өндірістік емес төлемдер басқармасы