Жарияланған күні: 14.01.2019 10:58
Өзгертілген күні: 14.01.2019 11:01

 

«Азамат «А» кәсіпкерлік қызметпен айналасам деп мемлекеттік қаражатты иемденіп алған»

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Экономикалық тергеу  қызметімен  мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджеттік қаражаттардың мақсатсыз жұмсалуын анықтау және жолын кесу бағытында  профилактикалық жұмыстар және жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Атап, айтқанда ағымдағы жылы халықтың мақсатты тобындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыру деректері анықталды.

Мысалы, Атырау қаласында «А» ЖК-нің басшысы азамат «А» Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығымен  азаматтарды әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз ету туралы 2017 жылы өзара келісім шарт жасаған.

Аталған келісім шарт бойынша, «А» ЖК-нің басшысы азамат «А» -ның банктік есеп шотына Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығы Мемлекеттік мекемесінен  әлеуметтік жұмыс орындарын  ұсынғаны үшін  бюджеттік  ақша қаражаттары аударылып отырған. Алайда, «А» ЖК-нің басшысы азамат «А» келісім шартта көрсетілген тұлғалардың ішінен 8 тұлғаға әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынбағандығы, яғни 8 жеке тұлғаға бөлінген барлығы 1 375 500 тенгені иемденіп, жымқырғандығы  анықталды.

Бұдан басқа, азамат «А» өзінің қылмыстық іс-әрекетін тоқтатпай пайдакүнемдік мақсатында өзінің жолдасы азаматша «Г» атына «Н» жеке кәсіпкерлігін ашып, Атырау облысының Салық қызметіне тіркеліп, Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығымен  азаматтарды әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз ету туралы 2017 жылы өзара келісім шарт жасаған.

Аталған келісім шартта көрсетілген 20 тұлғаға әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынбай, барлығы 4 872 500 теңгені иемденіп, талан-таражға салғандығы анықталды.

Ағымдағы жылдың №2 Атырау қалалық сотының үкімімен «А» ЖК-нің басшысы азамат «А» ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігінің 1 тармағымен, 218 баптың 1 бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 189 бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, 218-бабының  1 бөлігімен 1 (бір) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден аталған құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефон нөмірлері арқылы хабарлауыңыз сұралады.

 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ