Жарияланған күні: 14.01.2019 11:28
Өзгертілген күні: 14.01.2019 11:31

 

«Атырауда заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді»

        

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Экономикалық тергеу қызметінің басым бағыттарының бірі заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-әрекет болып табылады.

         Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Атырау қаласында азамат «Ж»2018 жылдың қаңтар айынан бастап, қандайда бір тиісті рұқсат құжаттарсыз заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып онша ауыр емес қылмыс жасағаны анықталды.

         Атап айтқанда, азамат «Ж» жеке кәсіпкер ретінде Қазақстан Республикасының Салық қызметіне тіркелмей, ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асыру мақсатында, қандай да бір қажетті рұқсат қағаздарын алмай, заңсыз ойын букмекерлік қызметімен айналасу мақсатында барлығы 15 дана «Hisense», «TCL», «Haier»маркалы теледидарларды, маркасы жоқ қара түсті бір дана компьютерлік жүйені, «StarTSP100»термопринтер,  «Honeywell»маркалы қол сканер, пернетақта, «LG» маркалы монитор, тінтуір және ойын терминалдарын пайдалану арқылы интернет жүйесіндегі «Red Keno» ойындарын ойнауды ұйымдастырған.

         Аталған дерек бойынша Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметімен ҚР ҚК-нің 307 бабы 1 бөлімі «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізіліп, сотқа жолданды.

         2018 жылдың 22 қазандағы Атырау қаласының  №2 сотының үкімімен азамат «Ж» ҚР ҚК-нің 307 бабы 1 бөлігімен көзделген қызмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Жоғары алтылғандарды ескере отырып, егер Сіз, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі мәлім болса немесе ақпарат болған жағдайда Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефон нөмірлері арқылы хабарлауыңыз сұралады.

 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ