Жарияланған күні: 09.12.2016 14:37
Өзгертілген күні: 09.12.2016 14:57

Экономикалық тергеу қызметі

 

Экономикалық тергеу қызметі(әрі қарай - Қызмет)  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің (әрі қарай - Комитет) Атырау облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент – өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Комитет және Департаменттің құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Қызметтің құрылымы Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасының тәртібімен ҚР ҚМ-нің жауапты хатшысымен бекітіледі.

Қызмет келесі басқармалардан тұрады:

1) Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекет басқармасы;

2) Қаржылық қылмыстарды тергеу басқармасы;

3) Салық және кеден қылмыстарын тергеу басқармасы;

4) Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы;

5) Жедел-іздестіру қызметінің басқармасы.

 

Қызметтің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері

     

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің құзыры шеңберінде қоғамның, мемлекеттің және қәсіпкерлік қызметінің субъектілері заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету

Өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес Қызмет келесі функцияларды жүзеге асырады:

Қызметтің өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша заңдылықты қамтамасыз ету;

 

Экономикалық тергеу қызметінің тергеу ретіне жататын қылмыстық істер бойынша толық, объективті, жан жақты ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және ҚР ҚПК-ның шеңберінде қылмыс жасаған тұлғаны жауапкершілікке тарту ;

Қылмыс жасап мемлекетке, жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өндіру бойынша заңнамамен көзделген іс шараларды жэүзеге асыру;

Жеке және заңды тұлғалардың экономикалық қылмыс, қаржылық саласындағы қылмыстар құқықбұзушылық жөніндегі өтініштерін қарастыру;

 Міндеті:

Заңнамамен қарастырылған экономикалық тергеу қызметінің құзыретіне жататын қылмыстармен құқық бұзушылықтарды алдын алу, ашу және тергеу:

Өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес Қызметпен келесі функциялар жүзеге асырылады:

ҚР заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;

Заңнамамен қарастырылған экономикалық тергеу қызметінің құзыретіне жататын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асырады;

Бекітілген заңнама негізінде түскен ақпараттарды жедел тексеру жүргізіп, экономикалық қылмыстарды ашуға және анықтау мақсатында жедел өңдеу, қарау және есеп жүргізуге,;

Әкімшілік құқықбұзушылықтарды қарап,хаттамалар толтыру;

Әкімшілік ұстау сонымен қатар, басқада ҚР Әкімшілікқұқықбұзушылық заңнамасымен көзделген іс әрекеттерді жүзеге асырады.

Қызметтің құқықтары мен міндеттері:

Эконмикалық тергеу қызметінің құзыретіне жататын қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды ашу және анықтауға бағытталған күш пен құралдарды қолдануға;

Арнайы және жалпы жедел іздестіру іс шараларын, тыңшылық тергеуді жүзеге асыруға;