Date of publication: 14.06.2016 19:37
Date of changing: 15.06.2016 16:17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № НК-13-24/4898 хаты

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жеке табыс салығы мен әлеуметтік салығы бойынша декларацияны (210.00 нысан) (бұдан әрі - декларация) тапсыру тәртібіне қатысты келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасында бейрезидент болып танылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың төлем көздерінен салық салынатын табысына Салық кодексінің 192-бабында көрсетілгенСалық кодексінің 195-бабында айқындалған тәртіп пен мерзімде салық салуға тиіс табыстар жатқызылады.

Қазақстан Республикасында резидент болып танылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың төлем көздерінен салық салынатын табысына Салық кодексінің 160-бабында көрсетілгенСалық кодексінің 18-19 Тарауларында айқындалған тәртіпте салық салуға тиіс табыстар жатқызылады.

Осыған орай, жұмыс берушімен немесе өзге тұлғалармен еңбек немесе өзге  азаматтық-құқықтық қарым-қатынаста болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстары Қазақстан Республикасында Салықтық заңнамаға сәйкес төлем көзінен салық салынуғажатады.

Салық кодексінің 154 және 201 баптарына сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған тұлғаларға жүктеледi.

Осыған орай, салық кодексінің 162 және 203 баптарында көрсетілгендей Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша Салықкодексінің 67-бабының 2-тармағында көзделген декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірілмей салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етіледі.

Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2008 жылғы 28 желтоқсандағы№611 бұйрығымен бекітілген жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша (210.00 нысан) салықтық есептілікті (декларация) құру ережелеріне сәйкес декларация жеке табыс салықты, әлеуметтік салықты, СЗҚ-на міндетті зейнетақы салымдарын,шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік алымдар соммаларын есептеуге арналған.

Осыған орай, салық төлеушілерде бейрезиденттер мен азаматтығы жоқ тұлғалармен еңбек, азаматтық-құқықтық және өзге де қарым-қатынастары болмаған жағдайда, 210.00 нысандағы декларация салық төлеушімен салық органдарына табыс етілмейді. 

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Салық комитеті:

1. 2009 жылғы 14 мамырдағы № НК-06-26/4509 аймақтық салық департаменттеріне, Астана, Алматы, аудандық арнайы экономикалық аймақтарға жіберілген 210.00 нысанда декларация ұсыну бойынша түсіндіру хатын қайтарып алады және аталған декларацияны ұсыну тәртібі бойынша сұрақтарда осы хатқа сүйенуді тапсырады.

2. Қағаздық тасымалдағыштарда «нөлдік» көрсеткіштермен ұсынған салық төлеушілер үшін СОНО ақпараттық жүйесіне 210.00 нысандағы декларацияны енгізу қажетсіздігін атап өтеді.

 

Төраға                                                                                                                                       Д. Ерғожин