Date of publication: 13.03.2015 20:15
Date of changing: 19.06.2019 18:11

Жулмухамбетов  Кайрат  Басгараевич

 

1976 жылы Қостанай қаласында туған.

Білімі жоғары, 1997 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, 2001 жылы қазіргі заманғы гуманитарлық институтты бітірген.  2016 жылы - "Алматы Менеджмент Университеті"ҚБ.

 

Еңбек қызметі

Еңбек жолын 18.08.1997 жылы Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің аға маманы қызметінен бастаған.  Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің насихаттау және оқыту бөлімінің жетекші салық маманы, Қостанай қ. 

01.04.1999-11.05.1999 жж-Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің насихаттау және оқыту бөлімінің жетекші салық маманы, Қостанай қ. 

12.05.1999-15.08.1999 жж-Қостанай қ. насихаттау және оқыту бөлімінің бас маманы, Қостанай қ.

1999-2000 жылдары-Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің насихаттау және оқыту бөлімінің бастығы, Қостанай қаласы

01.04.2000-15.10.2000 жылдары аралығында-Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің декларация тапсырмаған салық төлеушілермен жұмыс және оларды іздестіру бөлімінің бас маманы, Қостанай қ. 

2000-2001 жылдары-Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің тіркелмеген салық төлеушілерімен бөлім бастығы, Қостанай қаласы. 

2001-2003 жылдары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қостанай облысы Лисаков қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы. Лисаков қ. 

2003-2004 жылдары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Атырау облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары. Атырау қ.

2004-2008 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қостанай  облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары. Қостанай  қ.

2008-2012 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы.Орал қ.

 

09.01.2012 -11.03.2012 жылдар аралығында. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің салықтық құқық бұзушылықтарды талдау басқармасының бастығы, Астана қ.

2012-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, Петропавл қ.

2013-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің басшысы, Петропавл қ.

12.05.2015-13.07.2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық және кеден заңнамасы департаменті директорының м.а., Астана қ.

2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін -Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық және кеден заңнамасы департаментінің директоры, Астана қаласы.

2017-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық салу әдіснамасы департаментінің директоры, Астана қаласы.

27.03.2019-13.05.2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы.

14.05.2019ж. бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, Атырау қ.

 

 

Мемлекеттік наградамен марапатталған - "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалі, 2011ж.

"Салық қызметінің үздігі" төс белгісі, 2012 ж.

Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасы, 2013 ж. 

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалі, 2016 ж.

 

 

      

               Досмағамбетов Ғарифолла Шайзадаұлы

 

1973 жылы Торғай облысы Арқалық қаласында туған.

 

Білімі жоғары, 2002 жылы Орталық Азия университетін бітірген, 2011 жылы Көкшетау "экономика және менеджмент" институтын бітірген.

 

                                                                                                        Еңбек қызметі

Еңбек жолын 03.05.1993 жылы "Жәрдем"ШП жабдықтаушысы лауазымынан бастады.  "Асыл-су"АҚ темір жол тасымалдау жөніндегі инспекторы.

19.06.2000-19.09.2000 жылдар аралығында Көкшетау қаласы бойынша Салық комитетінің халықтан жергілікті салықтарды жинау және есепке алу бөлімінің салық инспекторының міндетін атқарушы.

2000-2002 жылдары-Ақмола облысы бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтарды жинау және есепке алу бөлімі маманының міндетін атқарушы.

2002-2004 жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитетінің жанама салықтар аудиті бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2004-2005 жылдары-СҚО бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы.

2005-2007 ж. ж. ҚР ҚМ Салық комитетінің ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру және мониторинг басқармасы ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы

2007-2008 жылдары ҚР ҚМ Салық комитетінің ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру және мониторинг басқармасы өңдеу және басқа салаларды әкімшілендіру және мониторинг бөлімінің бастығы.

- ҚР ҚМ Салық комитеті ірі салық төлеушілер басқармасының бас сарапшысы

ҚР ҚМ Салық комитеті ірі салық төлеушілер басқармасының бас сарапшысы

ҚР ҚМ СК Ақмола облысы бойынша СД Көкшетау қаласы бойынша салық басқармасының бастығы.

ҚР ҚМ Салық комитетінің Кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы.

2012 жылдан 2014 жылға дейін ҚР ҚМ Салық комитетінің тауарлар импорты кезінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы.

ҚР ҚМ МКК бақылау департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы, Астана қ.

ҚР ҚМ МКК бақылау департаментінің бас сарапшысы, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы, Астана қ.

ҚР ҚМ МКК, Астана қ.салық бақылау департаментінің басшысы, толассыз мониторинг басқармасы.

ҚР ҚМ МКК талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің жедел мониторинг басқармасының басшысы, Астана қ.

ҚР ҚМ МКК цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің толассыз мониторинг басқармасының басшысы.

27.03.2019 бастап ҚР ҚМ МКК цифрландыру және мемлекеттік қызметтер Департаменті жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы.

22.04.2019 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚМ МКК Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Атырау қ.

"Салық қызметінің үздігі"төс белгісімен марапатталған.