Date of publication: 11.03.2015 13:28
Date of changing: 25.02.2016 15:38

                                                                   

Апталық мүлікті жариялау
 

             «Атырау облысында  10.03.2015 жылғы күні жағдай бойынша 347 өтініш, жалпы құны  3178,0  млн.теңге құрайтын  жарияланды»

             «Атырау облысында  16.03.2015 жылғы күні жағдай бойынша 365 өтініш, жалпы құны  3320,0  млн.теңге құрайтын  жарияланды»

             «Атырау облысында  06.04.2015 жылғы күні жағдай бойынша 388 өтініш, жалпы құны  3,6 млрд.теңге құрайтын  жарияланды»

             «Атырау облысында  14.04.2015 жылғы күні жағдай бойынша 426 өтініш, жалпы құны  3,7 млрд.теңге құрайтын  жарияланды»

             «Атырау облысында  01.05.2015 жылғы күні жағдай бойынша 450 өтініш, жалпы құны  4,0 млрд.теңге құрайтын  жарияланды»

                  «Атырау облысында  09.05.2015 жылғы күні жағдай бойынша 480 өтініш, жалпы құны  4,12 млрд.теңге құрайтын  жарияланды»

                 «Атырау облысында  20.05.2015 жылғы күні жағдай бойынша 484 өтініш, жалпы құны  4,12 млрд.теңге құрайтын  жарияланды»

                 «Атырау облысында  15.06.2015 жылғы күні жағдай бойынша 545 өтініш, жалпы құны  4,6 млрд.теңге құрайтын  жарияланды»

                 «Атырау облысында  10.07.2015 ж. күні жағдай бойынша 604 өтініш, жалпы құны  4,92 млрд.теңге  құрайтын мүлік жарияланды»

                 «Атырау облысында  25.08.2015 жылғы күні жағдай бойынша 697 өтініш, жалпы құны  5,43 млрд.теңге құрайтын  жарияланды»

                 «Атырау облысында  01.10.2015 ж. күні жағдай бойынша 811 өтініш, жалпы құны  6,2 млрд.теңге  құрайтын мүлік жарияланды»

                 «Атырау облысында  25.02.2016 ж. күні жағдай бойынша 1178 өтініш, жалпы құны  9,12 млрд.теңге  құрайтын мүлік және 5,2 млрд.теңге ақша жарияланды».

                 Шет елдегі мүлікке қатысты  4 өтініш бойынша жалпы құны  74,0 млн.теңге  құрайтын мүлік жарияланды.

 

                                         «Қазақстан Республикасынан тысқары аумақтардағы мүлікті жария ету»

 

   Бәрімізге мәлім «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті және ақшаны жария етуіне байланысты рақымшылық жасау» туралы  Мемлекет басшысымен 2014 жылғы 30 маусымда қол қойылған заң 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталып, 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Бірінші кезекте, мүлікті жария ету- табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиесілі емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет.

Науқанға қатысуға заңмен белгіленген тәртіпте мүлкін жария ететін Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың құқығы бар.

Аталған науқанға сәйкес, жария ету нысандарына ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, Қазақстандағы және Қазақстаннан тысқары аумақтардағы жылжымайтын мүліктер жатады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республиасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылатындығын атап өткен жөн.

Осылайша, жария ету науқаны жоғарыда атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасынан тысқары аумақтарда жылжымайтын мүліктері бар тұлғаларға қатысты, ал Атырауда Түркия, Біріккен Араб Эмираты, Ресей және басқа да мемлекеттерде, сонымен қатар оффшорлық аймақтарда пәтерлері, үйлері, зәулім үйлері бар тұлғалар аз емес.

Мүлікті жария ету қолда бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Біріншіден, алдағы уақытта ортақ декларациялау енгізілуіне байланысты, азаматтарға декларацияда мүліктерін көрсету үшін бүгінгі таңда мүлкін жария етуге құқық беріледі. Екіншіден,  шет елдерде орналасқан мүлікті жария ету, жария етілетін мүліктің құнынан 10 % мөлшерінде  мемлекеттің бюджетіне алым түседі.

2006 жылғы мүлікті жария етумен салыстырғанда, заңды тұлғалар қазіргі уақытта жүргізіліп отырған жария етудің субъектісі болып табылмайды. Осыған байланысты, жария ету қолда бар табыстарды жауапкершілікке тартылудан еш қорқынышсыз заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді

2014 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта 63 ел қолданып отырған Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға қосылды. Аталған конвенцияның басты мақсаты әлемдік деңгейде салық салудан жалтаруға жол бермеу болып табылады. Мемлекеттер өзара мәліметтермен алмасу, бірегей салықтық бақылау жүргізу, салық берешектерін өндіру арқылы бір-біріне көмек көрсетеді. Конвенция шеңберінде Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен Қазақстан Республикасынан тысқары аумақтарда орналасқан жылжымайтын мүліктері жайлы ақпарат алмасу үшін сұраныс жолданып жатыр.

Сонымен қатар, мүлікті жария етудің табыстылығы мәліметтерді құпия сақтау болып табылады.  Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары ақпараттың құпиялылығының сақталуына кепілдік береді. Атап айтқанда, банктік, салық және қызметтік құпиялардың сақталуы.

Жария ету үшін қажетті құжаттар Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында дуйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 17:00 дейін 20 каб. қабылданады.

Салық басқармасының сайтында www.taxatyrau.kz «Ақпарат» бөлігінде жауапты тұлғалар бойынша ақпарат, сонымен қатар мекен-жайлары мен телефондары орналасқан

 

Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 

 

 

 

                                                                              Құрметті Атырау  қаласының  тұрғындары!

 

    Қазақстан  Республикасының  2014 жылдың 30 маусымындағы  «ҚР-ның азаматтарына, оралмандарға және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына  сәйкес, елімізде 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап  мүлікті жария ету акциясы басталды. 

    Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада  аяқталады.

     Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiкті жария ету жария етуді өткізу Атырау қаласы әкімдігі жүргізеді. Орналасқан мекен жайы, Айтеке би көшесі, 77а, 1 қабат, 105 кабинет, тел.35-40-95.

    Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк, шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық  капиталындағы қатысу үлесі, құнды қағаздарды жария ету өткізуді салық  органы жүргізеді. 

    Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі мүлікті жария етуді өткізу жөнінде сұрақтармен Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Салық басқармасына  хабарласуға  болады. Мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 94а, 2 қатар, 20 кабинет.Тел.45-13-74.

     

  Атырау   қаласы  бойынша Мемлекеттік кірістер   басқармасы