Date of publication: 10.03.2015 19:38
Date of changing: 18.02.2019 12:05

 

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 522 бұйрығына
56-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаменті туралы ереже
1. Жалпы ережеле

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау, салықтардың, кеден және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстаудың, аударудың толықтығымен уақыттылығын қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі өнімдерінің өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік реттеу және бақылау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен байланысты қатынастарды, заңнамада көзделген шектерде мемлеткеттік кірістер органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы органның жүргізілуіне жататын әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықтау және қарау бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.

          Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 № 30 бұйрығымен.
          2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентiнің, Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

          3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тiлінде өз атауымен мөрi және мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары бар.

          4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

          5. Департамент, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып шығуға құқылы.

          6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

          7. Штат санынының құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

          8. Департаменттің заңды мекенжайы: пошта индексі 060002, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 8

          9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесi.

          10. Осы Ереже Департаменттiң құрылтай құжаты болып табылады.

          11. Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

          12. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлермен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

          13. Егер Департаментке заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Департаменттің міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері

 

          14. Департаменттің міндеттері:

          1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;

2) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен;

          3) салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтем баждардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;

          4) Қазақстан Республикасының салық, кеден саясатын іске асыру;

          5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;

6) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

          7) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;

          8) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу, тыйым салу мен шектеу, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

          9) кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одағының кеден шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасау;

          10) Еуразиялық экономикалық одағының кеден аумағындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқық қорғауды қамтамасыз ету;

          11) кедендік операциялар жасау және өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде кедендік бақылау жүргізу;

          12) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;

          13) трансферттік баға қолдану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

          14) этил спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

          15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақыттылығын қамтамасыз ету;

          16) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен;

          17) оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімнің жүргізілуіне мемлекеттік бақылау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда);

          18) зертханалық сараптаманы қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу;

          19) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау органдарының қызметтерін үйлестіру;

          20) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік және санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу;

          21) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 № 30 бұйрығымен.

          22) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

          Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 № 30 бұйрығымен.
 

          15. Департаменттің функциялары:

          1) салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтем баждардың толық және уақтылы түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;

          2) Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларымен және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;

          3) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау;

          4) Департамент құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

          5) Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;

          6) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.

7) салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;

          8) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық бақылауды және Еуразиялық экономикалық одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік бақылауды (оның ішінде тауарларды шығарғаннан кейін) жүзеге асыру;

          9) салықтық және кедендік әкімшілендіру бизнес-процестерін жаңғыртуға және реинжинирингтеуге қатысу;

          10) келіп түсетін кеден iсi саласындағы сұрау салулар мен ұсыныстардан туындайтын жауаптарды уақтылы қарау және беру немесе өзге де iс-қимылдарды қамтамасыз ету;

          11) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша кепілгерлік шарт қарау және олар бойынша шешім қабылдау;

          12) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;

          13) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

          14) ақпараттық жүйелерді, байланыс және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғау құралдарын пайдалану;

          15) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;

          16) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте салықтық тексерулерді, Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасында көзделген тәртіпте кедендік тексерулерді, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіпте трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулерді жүзеге асыру;

          17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жоспардан тыс салықтық тексерулерді жүзеге асыру;

          18) кедендік баждарды және салықтарды, сонымен қатар арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарды өндіру, оларды есептеудің дұрыстығы және төлеудің уақыттылығын, есепке алуды (қайтаруды) бақылау және оларды мәжбүрлеп өндіру бойынша шараларды қолдану;

          19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

          20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты Интернет-ресурсқа орналастыру;

          21) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.
          22) салық берешегін, кеден төлемдері, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

          23) хаттамалар жасау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;

          24) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте заңды күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды қайта қарау;

          25) есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді (активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығындарды, шығыстарды) айқындау;

          26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту мәселелерін қарау;

          27) салық міндеттемесінің туындауына, орындалуына және тоқтатылуына байланысты мәселелер бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру және түсініктер беру;

          28) нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген құзыретi шегінде салықтық және салықтық емес түсiмдерді бақылау және талдау (мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасының үлесiнен, мемлекеттiк меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтерден, "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшін жалгерлiк төлемнен, республикалық мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден және сатудан, мемлекеттiк меншiк объектілерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден, капиталмен жасалған операциялардан алынатын түсiмдерден басқа);

          29) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

          30) алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру;

          31) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау

          32) этил спиртінің, алкоголь айналымы саласында есепке алуды, есептілікті жүргізу;

          33) темекі айналымы саласында есепке алуды, есептілікті жүргізу;

          34) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласында, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымы саласындағы бұзушылықтарға мемлекеттік бақылау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау;

          35) этил спиртінің алкоголь өнімін өндірушілерге, фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерге сатылуын, сондай-ақ этил спиртін техникалық мақсатта және алкогольді емес өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын ұйымдарға бақылау;

          36) этил спирті мен алкоголь өнімінің белгіленген ең төменгі өндіру көлемін бақылау;

          37) өз құзыреті шегінде субъектілердің этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі өнімдерінің, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның өндірісі мен айналымы саласында қолданылатын технологиялық үрдістің, сақтаудың және сатудың, техникалық регламенттер мен стандарттардың нормаларын, қағидаларын және нұсқаулықтарын сақтауын бақылау;

          38) этил спиртін өндірудің технологиялық желілерінің және алкоголь өнімдерін құю желілерінің тиісті спирт өлшейтін аппараттармен және есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтандырылуын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай өнімдерінің базаларында және жанармай құю станцияларында есептеуші бақылау аспаптарын, және олардың жұмыс істеуін бақылау;

          39) этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің айналымын ілеспе жүкқұжаттары және этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы бойынша декларация арқылы бақылауды жүзеге асыру;

          40) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

          41) темекі бұйымдарын айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;

          42) этил спирті мен алкоголь өнімдерін айналымын бақылауды жүзеге асыру;

          43) мұнай өнімдері және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру;

          44) алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылау;

          44-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өнімді өткізуді бақылау;

          45) мемлекеттік кірістер органының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл және өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

          46) оңалту рәсімін және банкроттық рәсімді жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

          47) жалған және қасақана банкроттық белгілерін анықтау;

          48) Қазақстан Республикасы оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қабылдау;

          49) санкцияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;

      50) Қазақстан Республикасы оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуына келісу;

          51) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың әрекеттеріне жасалған шағымдарды қарау;

          52) мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабілетсіз және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпараттың сұратылуын және алуын жүзеге асыру;

          53) уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;

          54) сотқа уақытша басқарушының, уақытша әкімшінің тіркеуден шығарылғаны туралы, сондай-ақ кредиторлар жиналысына оңалту не банкроттық басқарушының тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама жіберу;

          55) Департаментің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

          56) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.
          57) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

          58) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;

          59) табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған, оларға қатысты Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында осындай тәртіп көзделген ұйымдардың банкроттығы кезінде ерекше шарттар белгілеу бойынша ұсыныстарды және мүліктік массаны өткізу тәртібін және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды еңгізу;

          60) оңалтушы басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтерді жинаудың және банкроттық рәсімнің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттық басқарушының банкроттық рәсімнің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпараттарын қарау;

          61) уақытша басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екені және оның есебінен банкроттық рәсімді жүзеге асыруға болатын мүліктің (активтердің) жоқ екені туралы қорытындысын ескере отырып, жоқ борышкерді банкрот деп тануды және банкроттық рәсім қозғамай оны таратуды келісу;

          62) Қазақстан Республикасы оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуына келісу;

          63) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;

          64) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдердің жүргізілуі, өткізілуі және тоқтатылуы бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;

          65) сотқа уақытша басқарушының, уақытша әкімшінің тіркеуден шығарылғаны туралы, сондай-ақ кредиторлар жиналысына оңалту не банкроттық басқарушының тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама жіберу;

          66) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны шеттету;

          67) кредиторлар талабының тізілімін интернет-ресурсқа орналастыру;

          68) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес интернет-ресурсқа орналасытру:

          кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама;

          банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлар талабының мәлімдеуі тәртібін жариялау;

          борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы жариялау;

          оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеуі тәртібі туралы жариялау;

          69) сот шешімі бойынша:

          Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен көзделген жағдайда кредиторлардың алғашқы жиналысын;

          Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте банкроттық рәсімін қозғамай банкротты тарату жүргізу;

          70) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

          71) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланумен кедендік декларациялауды және кедендік тазартуды жүзеге асыру;

          72) қолма-қол ақша қаражаты мен ақша аспаптарына кедендік декларациялауды жүзеге асыру;

          73) жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібін ұйымдастыру;

          74) халықаралық почта жөнелтілімдерімен жеке пайдалануы үшін жіберілетін тауарларды өткізу тәртібін ұйымдастыру;

      75) шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының тауарларын Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібін ұйымдастыру;

          76) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға бақылауды жүзеге асыру;

          77) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге мәселелер бойынша, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар етуді және кеңес беруді тұрақты негізде қамтамасыз ету;

      78) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес шартты шығарылған тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру;

          79) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

          80) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қорғауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

          81) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасын қорғауды және кедендік бақылау аймағы режимін сақтауды қамтамасыз ету;

          82) тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;

          83) тарифтік преференциялар берудің дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;

          84) Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың сыныптауына (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) бақылауды жүзеге асыру;

          85) тауарлардың кедендік құнының дұрыс айқындалуына бақылауды жүзеге асыру, соның ішінде таңдалған әдістің және мәлімделетін кедендік құны құрылымның дұрыс қолданылуына және олардың негізінде тауарлардың кедендік құнын әкімшілендірудің деңгейін жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

          85-1) тауарлардың кедендік құны бойынша алдын ала шешімдер қабылдау;

          85-2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына талдау жүргізу;

          85-3) заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік құны, сыныптау және шығарылған жері бойынша қорытындылар шығару;

          85-4) тауарлардың кедендік құны мәселелері бойынша тәуекел бейінін әзірлеуге қатысу;

          86) Еуразиялық экономикалық одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру;

          87) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері бойынша, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша;

          88) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату берілетін құжаттарды қарау;

          89) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;

          90) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.
          91) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          92) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.
          93) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.
          94) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғау және ақпарттық қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуды жүзеге асыру;

          95) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.
          96) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.
          97) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.
          98) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

          Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 № 30 бұйрығымен.
 

          16. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

          құқықтар:

          1) салықтық және кедендік бақылауды, оның ішінде салықтық және кедендік тексеруді өткізу жолымен жүзеге асыру;

          2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және халықаралық шарттарының ережелеріне сәйкес Департаменттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды, сондай-ақ өзге де мәліметтерді сұрату және алу;

          3) салықтық және кедендік бақылауды жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте түрлі білім салаларының мамандарын тарту;

          4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіні (салық агентін), декларантты және тұлғаны банкрот деп тану туралы, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар салық төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талап-арыз беру;

          5) меншік нысанына қарамай ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан құжаттарды, оның ішінде коммерциялық, банктік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, ақпаратты талап етуге, тауарларды көрсетуді, түгендеу мен тексеруді талап етуге, сондай-ақ аталған тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитеттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өзге де әрекеттерді жасауды талап ету;

          6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өзара ақпарат алмасуды, оның ішінде электрондық тәсілмен қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;

          7) салық заңнамасының және Еуразиялық экономикалық одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының мәселелері бойынша қоғамның салық және кеден мәдениетін және хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

          8) Департамент қызметкерлеріне даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;

          9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Еуразиялық экономикалық одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

          10) салық салу және кеден ісі саласында халықаралық шарттар жасасу және оған қосылу бойынша ұсыныстар енгізу;

          11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте салық салумен байланысты объектілерді және (немесе) салық салу объектілерін жанама әдіспен анықтау;

          12) оңалту рәсімдерін және банкроттық рәсімдерді жүргізуде әкімшілердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына тексеру жүргізу;

          13) әкімшілердің оңалту рәсімдерін және банкроттық рәсімдерді жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына тексеру өткізуге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарту;

          14) әкімшінің қызметіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы, сондай-ақ осы бұзушылықтар үшін босатылған бұның алдындағы әкімшінің қызметіне тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;

          15) әкімшінің қызметіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалғаны туралы есеп берілуін талап ету;

          16) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын реттеу мәселелері бойынша басқа мемлекеттердің және Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан консультанттар мен сарапшыларды, басқа да мемлекеттік органдардың мамандарын тарту;

          17) этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің, темекі өнімдерінің өндірісі және айналымы, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің және биоотынның айналымы саласында қызмет ететін субъектілердің технологиялық үрдістердің, техникалық регламенттер мен стандарттарын сақтау және іске асырудың нормаларын, ережелерін және нұсқауларын сақтауын тексеру;

          18) этил спирті өндірісінің технологиялық желісін және алкоголь өнімдерінің құйылу желісін тиісті спирт өлшеуші аппараттармен және есепті бақылау құралдарымен жабдықталуына және олардың жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру;

          19) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағынан мемлекеттік кірістер органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтату, сондай- ақ су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтару;

          20) өз құзыреті шегінде темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымына мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер беру туралы темекі өнімдерін өндірушілерге сұрау салу жіберу;

          21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыру;

          22) көшпелі кедендік тексерулер жүргізу кезінде алып қою актісін жасай отырып, тексерілетін тұлғадан құжаттарды не олардың көшірмелерін алып қою;

          23) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен айыруға не өзге тәсілмен билік етуге бағытталған іс-әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне тауарларға тыйым салу немесе оларды алып қою;

          24) көшпелі кедендік тексерулер жүргізілетін құжаттар мен тауарлардың үй-жайларын, қоймаларын, мұражайларын және өзге де орналасу (сақтау) орындарына сүргі салу;

          24-1) кеден органының лауазымды тұлғаларымен көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқама және қызметтік куәлікті ұсыну кезінде тексеріліп жатқан тұлғаның объектілеріне қол жеткізу;

          25) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге кеден ісі мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ресми өкілдерін жіберу;

26) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе арасынан алуды жүргізу;

          27) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазба, кино- және фотоға түсіру жүргізу;

28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін тауарлар сатып алу;

          29) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          30)  Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          31) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.

32) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          33) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          34) іс жүргізуде бар материалдар мен қылмыстық істер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық ақпаратқа және өзге мәліметтерге қол жеткізу, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды беруді талап ету, олардың көшірмелерін түсіру, түсініктемелер алу;

          35) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          36) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          37) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          38) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          39) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру құқығы бар;

          Міндеттері:

          40) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) заңды құқықтарын сақтау;

          41) мемлекет мүдделерін қорғау;

          42) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасына қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      43) Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

          44) салық, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар түсімінің толықтығын, уақтылығын көздейтін заңнаманың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

          45) салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;

          46) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша субъектілерге тексеру жүргізу;

          47) уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері бойынша тексеру жүргізу;

          48) салық берешектерін, кедендік төлемдер және салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдар бойынша берешектерін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектерін мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

          49) өз құзыреті шегінде артық (қате) төленген немесе артығымен өндіріліп алынған салық, кедендік баждар, кедендік алымдар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсіппұлдар сомаларын есепке жатқызады және (немесе) қайтарады, айыппұлды, аванс төлемдерінің сомаларын және кедендік баждардың төлеуін қамтамасыз ету сомаларын қайтарады;

          50) мемлекеттік кірістер органдарының және оның лауазымды адамдарының шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау;

          51) салықтық құпияны және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;

          52) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттеріне және стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

          53) Департаменттің құзыреті кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мәлімдемелері мен шағымдарын қарау;

          54) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 27.07.2018 № 338 бұйрығымен.
          55) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа шараларды қолдану;

          56) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тарту

          57) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;

          58) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұсталған және аударылған міндетті әлеуметтік төлемдерді есепке алуды жүргізу;

          59) трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде, сондай-ақ оңалту және банкроттық рәсімдерді тоқтату және жүргізу, енгізу бойынша түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру;

          60) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беру, салық нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;

          61) бұқаралық ақпарат құралдарында декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) кедендік төлемдері және салық, өсімпұлдары бойынша берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің), сондай-ақ әрекетсіз заңды тұлғалардың және заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және жағдайда жалған кәсіпорындар болып танылған салық төлеушілердің тізімдерін жариялау;

          62) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылығын бақылауды жүзеге асыру;

          63) мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;

          64) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;

          65) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру;

          66) кеден ісі саласында ақпарат және консультация беруді өтеусіз жүзеге асыру;

          67) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітілген салық төлеушіге (салық агентіне) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін беру;

          68) өз өкілеттігі шегінде декларанттарға және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға өз құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;

          69) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одағы және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген шарттарды сақтауы және міндеттерді орындауы бойынша олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

          70) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасының күзетуін қамтамасыз ету;

          71) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          72) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          73) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          74) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          75) Алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.

          76) Қазақстан Республикасының заннамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

          Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.
 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

17. Департаменттің басшылығын Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына жəне оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Басшы жүзеге асырады.

18. Департаменттің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметке тағайындалады жəне қызметтен босатылады.

19. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметке тағайындалатын жəне қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

 20. Департаменттің басшысы мынадай өкілеттікті жүзеге асырады: 

1) өз орынбасарларының, Департаменттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, жұмыскерлерінің, Департаменттің аумақтық органдары басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) Департаменттің штат санының лимиті шегінде Департаменттің штат кестесін бекітеді; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес:

Департаментің жұмыскерлерін;

аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша жəне арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларын;

кеден бекеттерінің басшыларын және олардың орынбасарларын;

«кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеттерінің - басқармаларының басшыларын;

Аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша және арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы басшылардың орынбасарларын  лауазымға тағайындайды жəне лауазымнан босатады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тəртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;

5) Департаменттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен Департаменттің басшыларының орынбасарларын, Департаменттің жұмыскерлерін және Департаменттің аумақтық органдарының басшыларын жəне басшылардың орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу жəне сыйлықақы беру мəселелерін шешеді;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапкершілікте болады;

8) Комитетке берілетін ақпараттардың дұрыстығына дербес жауапкершілікте болады;

9) өз құзыреті шегінде Департаменттің актілеріне қол қояды;

10) барлық мемлекеттік органдарда жəне өзге де ұйымдарда Департаментті білдіреді; 

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Департаменттің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерінің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. 

          Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 18.01.2019 30 бұйрығымен.
 

4. Департаменттің мүлкi

 

21.Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нəтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 

22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті жəне қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тəсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

 

5. Департаментті қайта ұйымдастыру жəне тарату

 

24. Департаментті қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады