Date of publication: 16.08.2019 17:34
Date of changing: 19.08.2019 10:24

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі – департамент) Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 5 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қызметкерлер алдында Департамент басшысы Қайрат Жолмұхамбетов құттықтау сөз сөйледі.

- Бүгін Мемлекеттік кіріс органдарының құрылғанына 5 жыл толады. "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Салық комитеті мен кедендік бақылау комитеті бірігу жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) болып қайта ұйымдастырылды.

Бес жылдық кезеңде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен, Атырау облысының мемлекеттік кіріс органдары ел бюджетіне 1 511 млрд. теңгеден астам түсімдерді қамтамасыз етті.

Шоғырландырылған бюджетке түсетін түсімдердің серпіні түсімдердің ұдайы өсуін көрсетеді. Мәселен, 2015 жылы облыстың шоғырландырылған бюджетіне 1 млн. теңге түссе.2018 жылы 2 трлн 832 млрд. теңге немесе 4 жыл ішінде 2 еседен астам өсім күтілуде.

Бүгінгі күні мемлекеттік кірістер органдары 45 Мемлекеттік қызмет көрсетеді,оның ішінде 32 қызмет автоматтандырылды (немесе 71,1%), оның ішінде 26 – ы "электрондық үкімет" порталында іске асырылды.

Мұндай көрсеткіштерге сәйкес жұмыс, мамандардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында қол жеткізілді, олар барлық қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындап келеді, – деп атап өтті Қайрат Жолмұхамбетов.

Осы мереке күні Департаменттің үздік қызметкерлері Мемлекеттік кірістер органдары жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының білім беру бесжылдығына байланысты төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

Атырау облысы бойынша МКД баспасөз қызметі