Date of publication: 16.07.2019 16:26
Date of changing: 16.07.2019 17:31

 

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, салық төлеушілермен қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (300.00 нысан) нөлдік көрсеткішпен табыстау жағдайлары жиіленгендігін мәлімдейді.

ҚҚС бойынша есептілікте салық салынатын табысты толық емес көрсету түріндегі табысты жасыру (есептілікке табыс туралы әдейі бұрмаланған деректер көрсету) салық заңнамасын бұзу болып табылады және бұл үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Сондай-ақ, есептілікті көрсеткішсіз табыстау тәуекелдер санатын төменнен орташаға немесе жоғарыға көтерілуі арқылы ҚҚС төлеушінің тәуекел дәрежесінінің деңгейіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Салық заңнамасымен салық есептілігін табыстауды тоқтата тұру мүмкіндігі қарастырылғандығын қосымша хабарлайды. Сонымен қатар, ҚҚС бойынша есепке тіркеу (1 күн ішінде) және ҚҚС бойынша есептен шығару (5 күн ішінде) рәсімдері анағұрлым оңайлатылған.

Жоғарыда көрсетілген тәуекелдерді болдырмау мақсатында, 2019 жылдың 2 тоқсанына ҚҚС бойынша есептілікті көрсеткішпен табыстауды немесе салық есептілігін табыстауды тоқтата тұру мүмкіндігін  пайдалануды немесе өз еркімен ҚҚС бойынша есептен шығаруды ұсынамыз.

 

МКБ Атырау қаласы