Date of publication: 04.07.2019 17:04
Date of changing: 04.07.2019 17:11

 

 

Бірінші шілдеден БАСТАП ЕКІНШІ КЕЗЕҢДЕ 86 ҚЫЗМЕТ ТҮРІ ОНЛАЙН-БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУҒА КӨШУІ КЕРЕК

 

2019 жыл ішінде тоқсан сайын салық төлеушілер өз қызметтерін жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – онлайн-БКМ)  қолданатын  қызмет түрлері ұлғайтылады. Бұл талап 2018 жылдың 23 желтоқсанынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығында (бұдан әрі – Бұйрық) қарастырылған.

 

2019 жыл ішінде тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі:

2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады);

2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады);

2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі өтеді (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады).

Осылайша, ҚР ҚМ МКК-мен 2019 жыл ішінде толық онлайн-БКМ қолдануға көшіру жүзеге асырылады.

Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайтынын ескерген жөн.

         Жоғарыда көрсетілген бұйрық тек, салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін анықтайтынын атап өтеміз.

         БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.

         ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз.

         Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан:

         1) жеке тұлғалар

         2) адвокаттар мен медиаторлар

         3) қызметін:

         патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;    

          бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер  (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

         4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

         5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

         6) екінші деңгейдегі банктер босатылады.

Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында http://kgd.gov.kz/kk/content/bakylau-kassa-mashinalaryn-koldanu-1 сілтемесі бойынша орналастырылған.