Date of publication: 15.05.2019 12:52
Date of changing: 15.05.2019 12:57

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

2019 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Шәріұлы Мамаев Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Қайрат Басғараұлы Жолмұхамбетовті таныстырды.

Жұлдызмұхамбетов Қайрат Басғараұлы, 1976 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. Салық органдарында еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Қостанай облысы бойынша Салық комитетінде әр түрлі лауазымдарды атқарды. Атырау облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық салу әдіснамасы департаментінің директоры.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №432-л/с бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.